Бүгін www.coronavirus2020.kz елімізде тағы 4 адамның аурудан айыққандығы жөнінде хабарлады. Олардың біреуі – қызылордалық.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша емі толық аяқталған науқастан 2 рет тест сынамасы алынды. Осы арқылы оның дерттен айыққаны анықталып, емделуші үйіне шығарылған.
Бүгін отбасына оралған қала тұрғыны 14 күн бойы аймақтық дәрігерлердің бақылауында болады.