Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штаб «Бүгін, 14 сәуірде түстен кейін 7 адам коронавирустан жазылып, инфекциялық стационардан шықты.
Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, олардың бәрі өздерін жақсы сезінеді» деген ақжолтай ақпарат таратты.
Осылайша, Атырауда Covid-19 індетінен айыққандардың саны 12-ге жетіп отыр. Бұған дейін 12 сәуірде 2 адам, ал, кеше, 13 сәуірде 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан еді.
Қазір Атыраудағы инфекциялық стационарда 51 науқас жатыр.
Жұмасат ҒАЗИЗ