• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Елордада екі супермаркетке айыппұл салынды

144 рет
көрсетілді

Екі супермаркетке алыпсатарлық үшін 277 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Олар кейбір бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер бағасын 60 теңгеден аса қымбаттатқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Прокуратура, әкімдік және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінен құрылған шұғыл топтар барлық сауда нысандарын күнделікті аралауда. Мақсат – дүкендер мен супермаркеттердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын сақатауын қадағалау.

Осылайша, кезекті тексеу кезінде екі супермаркетте 03.04.2020 жылғы №23 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрығының ережелері бұзылып, бағаның қымбаттауы анықталды.

Атап айтқанда, шекті бағасы 197 теңгеден аспауы тиіс 1-ші сортты ұнның килограмы 230 теңгеден сатылған. Ал шекті бағасы 307 теңгелік күріш – 1 кг үшін 371 теңгеден, шекті бағасы 481 теңгелік күнбағыс майы – 505 теңгеден сатылған.

Алматы ауданы әкімдігімен ұсынылған деректер негізінде 14 сәуір күні сауда субъектілеріне қатысты ҚР ӘҚБК 202 бабының 1 бөліміне сәйкес, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерінің артуы» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. 100 АЕК немесе 277 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.