Kusto Group халықаралық компаниясы халықтың зардап шеккен және осал топтарына қолдау көрсету мақсатында #KustoHelp көмек көрсету қайырымдылық жобасына 1 млрд теңге бөлгенін хабарлады.
Компания Қазақстан аумағындағы облыс және қалалардың әкімдіктері және волонтерлік ұйымдармен ынтымақтаса отырып көп балалы отбасыларды, халықтың аз қамтылған және зардап шеккен топтарына атаулы материалдық көмек көрсету және азық-түлік жиынтығын жеткізуді қолға алмақ.
Сонымен бірге медицина қызметкерлеріне індетпен күресу және олардың жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсету мен мұқтаж жандарды қолдау үшін түрлі қайырымдылық қорларымен ынтымақтастықта іске кірісетін болады.
– Әлемде және біздің елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі өсуде, өкінішке орай, індеттен көптеген өлім жағдайлары тіркелген. Біз осы ауыр күндері қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Сонымен қатар, қазақстандық медицина қызметкерлеріне және пандемияға қарсы күресте алдыңғы қатарда жүргендерге үлкен рахмет айтқымыз келеді. Ел басшылығы COVID-19 таралуының алдын алу бойынша уақтылы және сауатты іс-әрекеттерді қабылдады, әйтпесе залал көлемі тым көп болар еді. Сонымен бірге пандемияға қарсы күрес жөніндегі амалсыз және қажетті шаралар біздің еліміздің халқы мен экономикасына елеулі әсер етеді. Дағдарыс бәрімізге әсер етті. Қазір бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру үшін, мейірімділік пен өзара көмек көрсету қажет. Уақытылы қажетті көмек көрсетіп және бір-бірімізді қолдау арқылы біз осы дағдарыстан шыға аламыз. Бұрыңғыдан да күшті бола аламыз, – дейді Kusto Group компаниясының негізін қалаушы Еркін Тәтішев.