• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Тәртіпке бағынбағандар айыппұл арқалады

265 рет
көрсетілді

Алматының  әкімшілік соты төтенше жағдай режимін бұзуға қатысты бір тәулікте 93 істі қарады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес, шаһардың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты тәртіпке бағынбаған бірқатар азаматтарға айыппұл арқалатқан. Соңғы екі аптада 10 адам әкімшілік қамауға алынса, 61 адамға айыппұл салынған. Сондай-ақ 22 тұрғынға ескерту жасалыпты.

«28 наурыздан бастап 604 адам көшеде себепсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның алтауы қамауға алынды, 52-сіне айыппұл салынды, 17 адамға ескерту жасалды. Бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін 18 адам жауапқа тартылды», – дейді Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.