• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Сәуір, 2020

Сәрсенбі: Алматыда 218 дәрігердің індет жұқтырғаны расталды

184 рет
көрсетілді

Бүгін, 15 сәуірдегі түске дейінгі мәліметтерге сәйкес, Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 370 науқас бар. Оның ішінде 6-ы бала және үш жүкті әйел бар. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақату басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Сондай-ақ Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында індет жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны  182 адамды құрайды.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада емдеуге жатқызылған және емделіп жатқан барлық пациенттерден, яғни 215 адамнан коронавирустық инфекцияға талдау алынды. Өкінішке орай, 18 пациенттің талдаулары оң нәтиже берді.

Соvid-19-ы бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218 адамды құрайды, оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 182 қызметкері, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 30 қызметкері, Жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясының 2 қызметкері, №1 Қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері және №11, 32, 12 қалалық емханалардың бір-бір қызметкері бар.