Бүгін Атырау қаласының маңындағы өнеркәсіптік аймақтан бірнеше ондаған метр қашықта қамыс өртенді.
Алайда, қалың қамыстың неден тұтанғаны белгісіз. Дегенмен, 20 м/секунд жылдамдықпен соққан жел өртті өршітіп жіберген. Қара түтін жаңа шағынауданның үстімен өтіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қамыс өртін сөндіруге тікұшақ экипажын жұмылдыру жоспарланып отыр.
Жұмасат ҒАЗИЗ