• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тағы 2 науқас дерттен айықты

182 рет
көрсетілді

Сыр өңірінде қатерлі дерттен айыққандардың қатары тағы  2 адамға артты. Бүгін Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлері оларды үйіне шығарды.

Бұл екеуі де қауіптілік деңгейі 1 «Б» категориясына жатқызылған елден келген азаматтар. Дәрігерлер оларды дер кезінде бақылауға алып, коронавирус анықталған соң хаттамаға сәйкес ем жүргізілген.

Ем аяқталғаннан кейін қайталама зертханалық талдамалары алынып, екеуі де ауруханадан шығарылды. Олар енді 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады.

Соңғы мәлімет бойынша облыс коронавирус инфекциясын жұқтырғандар  саны 126-ға жетіп отыр. Оның төртеуі жазылып шықты.