• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

«Астана Энергия» мен «Абу-Даби Плаза» қызметкері вирус жұқтырған

173 рет
көрсетілді

«Астана-Энергия» АҚ ғимаратында және аумағында әскери бөлімдермен бірлесіп дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Науқаспен жақын байланыста болған 11 адам (9 адам жұмыс барысында) үй карантиніне алынды. Ал коронавирусқа шалдыққан адам стационарда жатыр. Қауіп-қатердің жоқтығына байланысты кәсіпорын жұмысы жалғастыруда. Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Көлік дезинфекцияланды. Қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

«Абу-Даби Плаза» қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмағандықтан әріптестерімен қарым-қатынаста болмаған. Жақын қатынаста болған 2 адам анықталды (ұйым қызметкерлері емес). Қазіргі таңда біреуі стационарда, екіншісі  үй карантинінде. Науқас қызметкердің әріптестерімен қатынаста болмаса да, жұмыс уақытша тоқтатылды. Аумақта дезинфекция жүргізілді.