Қызылордада 9 медицина қызметкері СОVID-19 вирусын жұқтырып алыпты. Олардың 8-і орта, біреуі кіші буын қызметкері. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова хабарлады.
-Олардың үшеуі кәсіби тұрғыда жұқтырса, қалғандары науқастармен қарым-қатынаста болған. Тәжірибелі мамандардың дерттен қорғанудың талаптарын сақтамауы мүмкін емес. Бірақ, осындай жағдай орын алды, – деді Әлия Мүтәліпқызы.
Брифингте бас санитарлық дәрігер вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерді тексеру талаптары туралы да айтып өтті. Облыста мұндай 11 компания бар екен. Вахтадан келген азаматтар бірден үй карантиніне алынып жатыр.