• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Алматыда 13 аула мен 3 көшені су басты

205 рет
көрсетілді

Бұған дейін екі күн бойы толассыз жауған нөсер салдарынан алматыда сел қаупі туындағанын айтқан едік. Төтенше жағдайға жауапты мамандар осы тұрғыда нақты қандай іс-шаралар қолға алынғанын хабарлады.

Мегаполисте сел қаупін сейілту мақсатында кешелі бері мердігерлік ұйымдар мен аудандық әкімдік қызметкерлерінің күшімен тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.

Өткен түнде су басу бойынша 16 жағдай тіркелді. Соның ішінде қала аумағындағы 13 аула мен 3 көшені су басты.

Сондай-ақ, Жетісу ауданына тиесілі Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында апатты жағдайда тұрған ағаш құлап, жолды жауып қалған.

Қалалық құтқару қызметінің өкілдері апаттың салдары жойлғанын жеткізді.Түнгі уақыттағы жұмыстарға 164 адам, 99 бірлік арнайы техника және 31 мотопомпа жұмылдырылды.

 

Таңертеңнен бастап суды бөгетсіз өткізу және ағызуды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру үшін 779 адам, 276 бірлік арнайы техника және 32 бірлік мотопомпа іске қосылды.

Бұл жұмыстарға барлығы 880 дана құм салынған қапшықтар пайдаланылған.