• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Сәуір, 2020

Ғашықтар күні: ХҚО-да жыл сайын 25-30 жас отбасы құрылады

976 рет
көрсетілді

Бүгін, 15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күнідеседі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талай жастың махаббатының куәсі болып, жас шаңырақтардың қатарын көбейтуге өз үлесін қосып келе жатқан  тамаша бір мекеме.

Олай дейтініміз, Алматы қаласы филиалының өзінде, оның барлық аудандарындағы  фронт-офистері мен бэк-офистерінде, мамандандырылған ХҚО-ларында  2 мыңға жуық маман істейді. Оның 70 пайызы жастар.  Жоғары оқу орнындары мен колледждерден мамандық алған жастар, еңбек жолын ХҚО-ларда бастап жатады. Әрине, отбасылық өмірлері де осы жерден басталатындар аз емес.

Оған дәлел, жыл сайын Алматы филиалының өзінде 25-30 отбасы құрылып жатады.  Осы жылы да махаббаттың құдірет күшімен, карантинге дейін бас құрап, отау тігіп үлгергендер бар.

Үйде де, жұмыста да бірге жұбын жазбай, бірге өмір сүріп келе жатқан жұптарға махаббат мерекесінде хабарласып, карантин кезіндегі хал-жайын сұраған едік.

 

Бірінші жұп – Әмірхан Ақылбек  бек  Қасым Алтынай

Әмірхан Ақылбек  пен Қасым Алтынай Түрксіб аудандық фронт-офисінің мамандары. Екеуі жақында ғана шаңырақ көтерген жас  отбасы. Бүгінде екеуі де қашықтан қызмет көрсетіп, 1414 нөмірі арқылы кеңес  беріп отыр.

Фронт-офис басшысы Арайлым Айжанова да екі жас туралы «екеуі де алғыр, білімді, елгезек, тәрбиелі жандар» деп жылы пікірін білдірді.  Ал, жастар болса, үйде отырып жұмыс істеп жатқанына еш өкінбейтіндерін, жұмыстары бірдей болғандықтан, бірін-бірі толықтырып, халыққа қызметін қашықтықтан да еш кедергісіз көрсетіп жатқанын айтады.

Екінші жұп – Казангапов Руслан  мен Кинадинова Көркем

Екінші бір жұп та жақында шаңырақ құрған.  Казангапов Руслан  Мамандандырылған ХҚО-да IT-маманы, ал жолдасы Кинадинова Көркем жинақтау секторының маманы. Танысқандарына 10 жылдың жүзі болыпты... Көркем өзінің мектептен басталған махаббат хикаясын былай еске алды.

– Оныншы сыныпта оқып жүрген кезім. Жаздың бір шуақты күні сыныптастарыммен қыдырып, көлге барғанбыз.  Руслан да достарымен сол жерде жүр екен. Көлдің терең емес бір жерінде шомылып жүрген маған бейтаныс жігіт келіп, «бұл жерге шошқаларды шомылдырады. Жүр, мен сені ортасына қарай апарайын» деп әзілдеді. Мен оған ашуланып, мән бермей кетіп қалдым.  Кешкісін маған агенттен жазып тұр «Мен ғой көлдегі кездескен жігіт. Үстіңнен шошқаның исі шығып тұрған жоқ па?» деп тағы да ашуыма тиіп. Сөйтсем, ол менің кластасымның досының досы болып шықты.  Сол таныстығымыз жылдарға созылып, достығымыз махаббатқа ұласып, енді отау құрдық», – дейді Көркем.

Отбасын құруға көп жылдық дайындықпен келген екі жас, қазақтың барлық жол-жосығымен, салт-дәстүрімен шаңырақ көтеріпті. Алматылық аруға маңғыстаулық Русланның отбасы сырға салып, құда түсіп, Көркем қолдан ұзатылып, құда түсудің бүкіл сән-салтанаты жасалған. Жоғары білім алып, мамандық алған екеуі бірге бір мекемеге жұмысқа келген.      

Бүгінде Көркем үйде отырып онлайн қызмет көрсетсе, Руслан кеңсеге барып жүр. Өйткені  IT-маманы үйде отырып қызмет көрсететін емес. Оның көмегі кеңседегі колл-орталыққа көбірек керек.

     Енді  жас отбасы тұңғыштарын күтіп жүргенін айтады.

Үшінші жұп – Бауыржан Бекпаев пен Шынар Молдаханова

    Бауыржан Бекпаев, Алатау фронт-офисінің маманы, колл-орталыққа жаңадан бейімделген операторлардың бірі. Ол ХҚКО-да 10 жылдан бері жұмыс істейді. Жары – Шынар Молдаханова да сегізінші жыл Алмалы аудандық ХҚКО-да жұмыс істейді.

Олардың тағдырын Медеу аудандық ХҚКО байланыстырды деуге болады.Сол жерде жұмыс істей жүріп танысты. Таныстық, достық соңы махаббатқа ұласты. Осыдан 6 жыл шаңырақ көтеріп, содан бері қуанышта да, қиындықта да бірге. Дүниеге екі қыздары келді. Қазіргі уақытта олар барлығы үйде бірге. Бауыржан пен Шынар азаматтарға онлайн-кеңес береді. Шынардың жұмысы 9-дан 16-ға дейін басталады, ал Бауыржанның жұмысы 13-тен 20-ға дейін басталады. Бос уақытында балаларға кезекпен көңіл бөледі.

   «Өте мазасыз жұмыс. Өз сөздерімізге мұқият болып жауап беруіміз керек. Неше түрлі сұрақтар қойып жатады. Мәселен, біреу «Көшеде қалай серуендеуге болады? Бұл үшін учаскелік инспектордан рұқсат сұрау керек пе?» деп сұраса, тағы бірі «Карантин кезінде үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады ма?...» дейді. Осы сияқты бізге қатысы жоқ сқрақтармен де уақытымызды алатындар көп. Қалай болғанда да, басты міндет – желінің арғы жағындағы адамға көмектесу», – дейді ол.

      Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы филиалындағы махаббат табыстырған жұптардың бүгінгі тіршілігі осылай өтуде. Махаббаттың символы болған Қозы Көрпеш – Баян сұлу күнінде жас жұбайлардың шаңырақтарына шаттық, отбастарына аманшылық тілейміз!