• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Сәуір, 2020

Қазақстан халқы бір жылда 1,3% өсті

177 рет
көрсетілді

2020 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 18671,9 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 10932,3  мың (58,5%), ауылдықтар –7739,6 мың адамды (41,5%) құрады. Бұл  туралы Статистика комитеті хабарлады.

2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (65,6 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (58,5 мың адам)және Түркістан облысында (33,1 мың адам) қалыптасты.