Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 сәуірде Алматы уақыты бойынша 4 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 595 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.8. MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.