• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Сәуір, 2020

Кәрім Абдул-Джабар 73 жасқа келді

204 рет
көрсетілді

Есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылған АҚШ-тың даңқты баскетболшысы Кәрім Абдул-Джабар бүгін 73 жасқа толды.

Бұл азаматтың шын есімі - Фердинанд Льюис Алсиндор. 1947 жылдың 16 сәуірінде Нью-Йоркте дүниеге келгенде оның бойы 57 сантиметр және салмағы 5,73 кило болған екен. Ата-анасы Фердинандты католик діні негіздерімен тәрбиелегенімен, есейе келе бұл жігіт ислам дінін қабылдауды құп көрді. Осылайша, ол өзінің аты-жөнін Кәрім Абдул-Джабар деп өзгертті.

Ұлттық баскетбол қауымдастығы тарихындағы (ҰБҚ) ең үздік он ойыншының қатарына енген Кәрімнің бойы – 218 см, салмағы – 121 кило. 1969-1989 жылдары аралығында әуелі «Милуоки Бакс», одан кейін «Лос-Анджелес Лейкерстің» сапында өнер көрсеткен ол «Ілмек лақтырудың королі» деген лақап атқа ие болды. Кезінде Абдул-Жабар ҰБҚ-ның көптеген рекордтық көрсеткіштерін жаңартты.

Одан бөлек, Кәрім 20-дан аса фильмге түсті. Солардың арасындағы ең танымалы – 1979 жылы жарыққа шыққан «Өлімнің ойыны». Сол фильмде ол Брюсс Лимен жекпе-жекке шыққан алып жендеттің рөлін сомдады.