• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Қызылорда: Пойыз жолсерігінен індет белгісі анықталды

762 рет
көрсетілді

Соңғы тәулікте Қызылордада індетке шалдықандар қатары тағы 8 адамға өсіп, науқастардың жалпы саны 132 адам болды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында брифинг өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

- Жаңадан анықталып отырған 8 науқастың алтауы Қызылорда қаласында, біреуі Жаңақорғанда, тағы бірі Қазалы ауданында тіркелген. Жаңақорғандық осыған дейін індетке шалдыққан адаммен қарым-қатынас жасағандар қатарында бақылауда болған. Ал Қазалы ауданының тұрғыны пойыз жолсерігі болып шықты, – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Басқарма басшысы тұрғындардың әлі де карантин талабына толық мойынсұнбай отырғанын атап өтті. Мысалы, шектеу шараларына қарамастан 30 наурыз күні облыс орталығында кішігірім шара өткен. Бүгін тіркеліп отырған 6 науқас та сол шараға қатысқандар арасынан анықталып отыр.