• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жедел штабтың шешімі шықты

940 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы  15 наурыздағы №285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның а.ж. 15 сәуірдегі хаттамасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин аймағының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – Штаб),  төтенше жағдайды жою басшысы былай деп ШЕШТІ: 

Карантин және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешімінің 1, 4-тармақтарында көзделген ұйымдардың қызметін тоқтата тұру және адамдардың, жеке және қоғамдық көліктің жүріп-тұруы бойынша бұрын қабылданған шешімнің қолданылу мерзімі ұзартылсын. 2020 жылғы 20 сәуірдегі сағат 00:00-ден бастап қызметтің келесі түрлеріне жұмыс кестесін сағат 09:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін белгілеп, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай және қызметкерлердің орталықтандырылған тасып таратылуын ұйымдастыра отырып, Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешіміне қосымшада көзделген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің тізбесімен толықтырылсын: өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс компаниялары (жобалау-іздеу жұмыстары, құрылыс саласындағы сараптама, стандарттау және сертификаттау, авторлық және техникалық қадағалаулар, құрылыс материалдарын өндіру және тасымалдау, оның ішінде жолдарды салу және жөндеу); күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жалпы алаңы кемінде 2000 м2 болатын ірі құрылыс дүкендері; көлік, қаттау саласындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар; автосалондар, автобөлшектер дүкендері және техникалық қызмет көрсету станциялары (қыздырып өңдеу, автожуу);  химиялық тазарту, кір жуу қызметтері;  ұйымдастыру техникасын жөндеу.