Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында студенттермен кері байланыс күшейтілді. Ол үшін HelpDesk және Call-орталықтар жұмыс істейді.
HelpDesk өз кезегінде студенттерді техникалық қолдау және туындаған мәселелерді шешудегі ақпараттық жүйе болып табылады. Аталған жүйе арқылы әр ЖОО-да күніне 30-ға жуық студент жүгінсе, Call-орталықтар тәулігіне 40-қа жуық қоңырау қабылдайды.Естеріңізге сала кетейік, 16 наурыздан бастап еліміздің жоғары оқу орындары қашықтан білім беруге көшкен болатын.