• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Ақмола облысында карантин кезінде ажырасу дерегі екі есеге көбейген

178 рет
көрсетілді

Соңғы айда өңірде ажырасу деректері екі есеге көбейген. Оның себептері де әртүрлі. Мамандар статистикаға сүйене отырып, карантин кезінде тым көбейгенін айтады.   

Он бес жыл отасқан Ордабай үй жайын тастап, пәтер жалдап көшіп алды. Айтуына қарағанда, келінді көргісі келмейді. Келін болса, карантинге мен кінәлімін ба деп бұрқылдап жүр. Жалғыз Ордабай емес, орға жығылғандар аз емес екен. Ақмола облысында ақпан айында 117 неке қиылған. Оның 17 отбасы ажырасқан. Ал, өзін-өзі оқшалау басталғалы наурызда 114 жұп отбасын құрса, 34 шаңырақ шайқалған.

– Негізінен, қазір халық үйде отыр. Біреуі теледидар дауысын көтеріп көрсе, екіншісі шулап, туған күн тойлауда. Енді бірі, тұрмыстық жанжалдармен тыныштықты бұзуда, – дейді қалалық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жанат Шәріпов.    

Ал, жергілікті полиция қызметінің деректеріне сүйенсек, өңірде карантин жарияланғалы отбасылық жанжалдар бойынша 41 хаттама толтырылған. Мұндай шара осы отбасыларда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталанбауына, жанжалдардың алдын-алуға бағытталғанын айта кету керек.