• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Қызылорда: Кәсіпкерлерді тіркеуге өзгерістер енді

387 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында карантин жағдайында кәсіпкерлерді базаға тіркеу шарттарына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Палата 10 сәуірден бері азық-түлік, медициналық заттар мен жанар-жағармай тасымалдаушы кәсіпкерлерді «Сергек» дерекқорына енгізіп келген, енді бұл тіркеу тиісті салалық мекемелер арасында бөлінді. Осы кезге дейін жасалған дерекқор толық өшіріліп, қайтадан жасақталуда. Сондықтан 15 сәуірге дейін өтініш берген кәсіпкерлер салалар бойынша өтінімдерді қайтадан жолдауы қажет.

Ескерте кетер бір жайт, бір өтініш екі электронды поштаға қатар жіберілсе, базаға енгізу барысында ақпарат қате ретінде көрсетіліп, адамдардың тізімі, көліктер енбей қалады. Сондай-ақ, ақпараттың анықтығы құзырлы органдар тарапынан мұқият тексеріледі.

Енді ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы базаға енгізіледі.  

Қала ішінде, сондай-ақ қала қарасты кент және елді-мекендердегі азық-түлік дүкендері, көп қабатты үйлер мен тұрғын алаңдарында, жеке үйлерде орналасқан азық-түлік дүкендеріне тауар тасымалдаушы кәсіпкерлерді қалалық кәсіпкерлік бөлімі енгізеді.  

Автожанармай құю, автогаз құю станциялары және оны қамтамасыз етуші мекемелер, наубайханалар, тамақ өнеркәсібі және осы өнімдерге арналған орам материалдарын өндіру, буып-түю материалдарын өндіруді қоса алғанда, дәрілік препараттарды және жеке қорғаныш құралдарын өндіру, медициналық жабдықтар мен медициналық құралдар, санитарлық гигиеналық өнімдері, тамақ өнімдерін сертификаттау, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты қоймалау және дистрибуциялау саласындағы кәсіпкерлерді дерекқорға  облысының кәсіпкерлер палатасы енгізеді.  

Палата «Сергек» дерекқорына жасы 18 толмаған және 55-тен асқан азаматтар енгізілмейтінін, өтінімді жолдағаннан кейін 1-2 күн күту керектігін ескертіп отыр.