Бүгін Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлері COVID-19 вирусымен тіркелген тағы да 2 науқасты емдеп шығарды. Олар енді 14 күн аймақтық емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.
Бүгін, яғни 16 сәуір күні науқастардан екі рет қайталама зертханалық талдамалары алынып, теріс мәнді және жағдайының қанағаттанарлық болуына байланысты олар үй жағдайына шығарылды.
Осымен Қызылорда облысы бойынша COVID-19 вирусымен тіркелгендер 131-ге, жазылып шыққандар саны алтыға жетіп отыр.