• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2020

Қызылорда: Коммуналдық қызметтер тарифі төмендетілді

360 рет
көрсетілді

Қызылордада төтенше жағдайға байланысты коммуналдық қызметтер тарифі төмендетілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.

Сала басшысы электрмен жабдықтау қызметі 9,1 жылумен жабдықтау  (есептеу құралдарынсыз) 10, сумен жабдықтау 10,6 ал су бұру қызметі төлемақысы 12 пайызға арзандағанын айтты. Айта кетейік, жылумен жабдықтау қызметтерін есептеу құралдарымен пайдаланып отырғандар үшін де 1 Гкал-ға 1989,21 теңгеден 1790,29 теңгеге дейін төмендеді.

Мекемелер төтенше жағдай кезінде тұтынушылардың қордаланған қарыздарына қарамастан қызмет көрсетуді тоқтатпайды. Мерзімін өткізіп алған төлем үшін өсімпұл есептелмейді.

- Тұтынушыларға қолайсыздық тудырмас үшін төлемдер мен ұсынылатын қызмет онлайн режимде жұмыс жасауда. Яғни, терминал, мобилдік қосымшалар және epd.kz арқылы төлем жасауға болады. Сонымен қатар әр абонент «Энергосервис» мобильдік қосымшасынан өз қарызын көріп, сілтемелер арқылы электронды түрде төлем жасай алады, - деді сала басшысы.