• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2013

Қостанайдағы Ыбырай мұражайы

506 рет
көрсетілді

Қазақстанның қай жағына зер сала қарасаңыз да көркіне көз тоймастай әсем қалалар назар аударады. Соның бірі – Арқа төсінен бой көтерген құтты, қазыналы Қостанай. Ірі өндіріс орны болумен қатар, сұлу көше, сәнді үйлер, сымбатты ғимараттарымен уақыт алға озған сайын айрықша ажарланып бара жатқан қалаға сырттан келуші меймандар мен жергілікті халықтың жиі бас сұғатын киелі мекенінің бірі – облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы. Ол даңқты педагог, алып ағартушы, тарлан тұлғаның туғанына 150 жыл толуы құрметіне 1991 жылы шаңырақ көтерген болатын. Яғни, егеменді елдің төл құрдасы.

Қазір аталған мұражайда он екі мыңнан астам жәдігер бар. Мұнда келушілер Мәскеу, Санкт-Петербург, Орынбор, Алматы, Ақтөбе және басқа да қалалардан ұқыпты түрде жиналған, сақталған құжаттармен жан-жақты танысатын, қыр төсіне білім дәнін сепкен ағартушының өмірінен, оның тағдырлы, тәлімді ғұмырының баянынан мол мағлұмат алады. Әсіресе, соңғы жылы жүргізілген күрделі жөндеу жұмысы мұражайдың бет-бейнесін оң бағытта өзгертті, әбден өңдендірді. Қостанайлық құрылысшылар ғимараттың бірінші және екінші қабаттарын түгелдей дерлік жаңа үлгіде жөндеді. Алматы қаласындағы Аманжол Найманбай басқаратын «Этнодизайн-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары, суретші-дизайнерлер диораммалардың санын көбейтті. Және оның барлығы да ұлы ұстаздың шынайы шығармаларымен, сондай-ақ салмақты, ойлы, тағылымды сөздерімен тікелей байланыстырылды. Мұражай директоры, белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатов. Қазіргі таңда мұражайда облыстық мәдениет басқармасы бекіткен жоспарларға сәйкес, бұқаралық сипаттағы мәдени-көпшілік шаралар, көрмелер, дәрістер жиі өткізілсе, оған қатысуға ниет білдірген зиялы қауым, студенттер, оқушылар саны да әлдеқайда көбейе түсті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар