• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Сәуір, 2020

Бес миллион бетперде таратады

211 рет
көрсетілді

Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, тұрғындарға бетперде тарату жұмыстарын бастайтындарын мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, осындай қиын жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көр­сету қажет, сол себептен жасотан­дықтар қала тұрғындарына сақта­ну құралдарын тегін тарата бас­тады. Аталған 5 млн маска Елба­сы бастамасымен құрылған «Біз бір­геміз!» қоры арқылы сатып алын­ды», деді Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ ол негізгі басым­дық аз қамтылған көп балалы отбасыларға, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге бағытталатынын атап өтті. Яғни дәріханаға барудың өзі қиындық тудыратын азаматтар бірінші кезекте ескеріледі. Соны­мен қатар белсенділер осы аптада азық-түлік таратуды қайта бас­тайды. Сондай-ақ жалғызбасты зейнет­керлерді ыстық тамақпен қамта­масыз ету жұмыстары жалғас­тырылатын болады. Бұл істің бар­лығы тек волонтерлердің көмегімен іске асырылуда. Олар да бар­лық сақтану киімдерімен, бе­т­пер­де­лер­мен қамтамасыз етілген.

«Біз елорданың 40 000 отбасын маскамен қамтамасыз етуді жос­парлап отырмыз. Әрбір қорапта 50 қорғаныс құралы бар. Тек бү­гін ғана біз 2 000 отбасына 100 000 бет­перде тараттық», деді Jas Otan жетекшісі.

19 наурыздан бастап Jas Otan жастар қанатының 3000-нан астам еріктісі Қазақстан бойынша 56 мыңнан астам отбасын бірінші қа­жет­тіліктегі азық-түліктермен қамтамасыз етуге атсалысты. Күн сайын Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында еріктілер 1200-ден астам жалғызбасты зейнеткерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ олар зейнеткерлерге дәрі-дәрмектерді және қорғаныс құралдарын жеткізуді жүзеге асыруда.

Тұңғыш Президент – Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Біз бірге­міз!» қоры еліміз бойынша әзірге 152 000 мұқтаж отбасына 56 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көр­сетті. Нұр-Сұлтан және Алматы қала­ларының 2000-нан астам дәрігеріне де 50 000 теңге ақшалай к­өмек жіберілді.