• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тағы 12 адам індетке шалдықты

631 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында өткен тәулікте тағы 12 тұрғынның бойынан вирус табылып, науқастар саны 143 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

– Жаңадан анықталған 12 науқастың үшеуі Қызылорда қаласынан болса, тоғызы Жаңақорған ауданынан. Олардың 11-і бұрын анықталған науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандардың арасынан шығып отыр. Ал 1 науқас Жезқазған қаласында вахталық әдіспен жұмыс жасап келген. Қауіпті індет жұқтырғандардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, тиісті емдерін қабылдауды бастады, – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сала басшысы аймақ дәрігерлері қауіпті індетке шалдыққандарды анықтаудың белсенді сатысына көшкендігін атап өтті. Науқас неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым емдеу шаралары тез басталады. Ем де нәтижелі болады.  

– Сондықтан да науқастар санының күрт көбеюінен қорқудың қажеті жоқ. Қауіпсіздік талаптарын барынша сақтап, шектеу шараларын естен шығармайық, – деді аймақтың бас дәрігері.