• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Атырау: Жедел жәрдем бригадаларының саны артты

278 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, коронавирус инфекциясының белгісі байқалған науқастарды қадағалайтын дәрігерлер санын көбейту туралы шешім қабылданған.

Бұрын қауіпті індеттің белгісі бар адамдарды қарауға жедел жәрдемнің 3 бригадасы шыққан. Енді  5 бригада шақыртуға барады. Ал, дәрігерлер саны 40-қа дейін артқан.

– Дәрігерлердің бәрі бір және бірнеше рет пайдалануға болатын костюмдермен қамтамасыз етілді. Олар індет жұқтырған науқастарды оқшаулау бойынша арнайы курстан өткен, - дейді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Оның айтуынша, күн сайын жедел жәрдем станциясына 800-ге жуық қоңырау түседі. Ал науқастардың шақыртуына 25 бригада жіберіледі.

 

Жолдасбек Көшербайұлы