• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Қызылорда: Балағат сөз айтам деп сотқа тартылды

416 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында полицейлерді балағаттаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

14 сәуір күні Жалағаш ауданы аумағында облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны  полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға тіл тигізген. “Toyota-camry” маркалы автокөлігіндегі бұл азаматқа Бұқарбай батыр ауылының тұсында орналасқан санитарлық бекеттегі полиция қызметкерлері Жалағаш кентіне кіруге рұқсат бермепті. Ол өзін тоқтатқандарды балағаттап, заңды талаптарына бағынбай, полицейлердің бірінің аяғын көлігімен басып өтіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттері нәтижесінде билік өкіліне тіл тигізген азамат ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты карантин режимін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, аудандық сотқа жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушы екі тәулікке қамаққа алынды.

Одан бөлек, билік өкілін қорлау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.