• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Жұма: Алматыда бүгін 63 адамның індет жұқтырғаны анықталды

524 рет
көрсетілді

Бүгін, 17 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 461 жағдайы тіркелді.

Індет жұқтырғандар қатарына тағы да  63 адам қосылды, оның ішінде 2004 жылы туылған бала бар.

Науқастар ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, осы стационардың ЖРВИ белгілері бар екі пациенті, медициналық жедел жәрдем қызметінің 1 жұмыскері, №7 Қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, №12 Қалалық емхананың 2 қызметкері, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасының екі қызметкері және оқшаулау аймағындағы вирусы бар адаммен байланыста болған 44 адам, оның 21-інде ЖРВИ, пневмония белгілері бар.

Бүгінгі күні мегаполистің жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке ала отырып, 392 адам коронавирустық инфекциядан емделуде.

Бір пациенттің жағдайы – өте ауыр, 4-уінде – ауыр, 92 адамда (олардың ішінде облыстан да пациент бар) – орташа ауыр, 295-інде – қанағаттанарлық.

Соvid-19 диагнозы бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны 234 адам, оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 193, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 31, №7 Қалалық клиникалық аурухананың 2, Медициналық жедел жәрдем қызметінің 3, №12 Қалалық емхананың 3 медицина қызметкері және №11 мен №32 Қалалық емханалардың бір-бірден қызметкері бар.

Провизорлық госпитальдарда 356 адам, оның ішінде 18-і бала, карантиндік оқшаулауда 422 адам, оның ішінде 7-і бала, үй жағдайындағы карантинде 7992 азамат бар.

 

 

АЛМАТЫ