Бүгін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 вирусымен тіркелген тағы да 7 науқас жазылып шықты.
Олардан екі мәрте қайталама зертханалық талдама алынып, дерттен айыққандығы анықталып, үйлеріне шығарылды.
Дәрігерлердің айуынша олар алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық емхана бақылауында болады. Бүгінгі күні өңірде COVID-19 вирусымен тіркелгендер саны 143, жазылып шыққандар 13 болып отыр.