• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Руханият 17 Сәуір, 2020

Биыл алғаш рет тарауық намазы жамағатсыз оқылады

430 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы мешіттерде намаз оқудан тыйыла тұруға шақырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

«Өкінішке қарай, коронавирусқа байланысты карантин себебінен алғаш рет тарауық намазы мешіттерде жамағатсыз оқылады. Әрбіріміз сақтық шарасына мән беруіміз керек. Барлық мұсылмандарды карантин талаптарын орындауға шақырамын. Қоғамдық орындарда тарауық намазын оқудан, ауызашарлардан біршама уақытқа болса да тыйылу керек», – деді Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов.

Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Қадір түні мамырдың 20-нан 21-не қараған түнге сәйкес келеді.