• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан қаласын азық-түлікпен қамтуда іркіліс жоқ

85 рет
көрсетілді

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы ұжымдары Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын карантин кезінде де іркіліссіз ауыл шаруашылығы тауарларымен қамтамасыз етуде.

Әр күн сайын облыс кәсіпорындары 80 тонна ет және ет өнімдерін, 200 тоннадан астам сүт өнімдерін, 700 мың дана жұмыртқа мен 25 тонна ұн жөнелтуде.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының сауда сөрелеріне азық-түлік белдеуіне жататын ақмолалық өңдеуші кәсіпорындар 14 мың тоннадан астам сүт өнімдерін, 7,6 мың тонна ет өнімдерін және 67,1 миллион тонна жұмыртқа жеткізді. Бұл жұмыс осы ырғақпен жалғастырыла беретін болады.

 

Ақмола облысы