• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Руханият 17 Сәуір, 2020

Ақтоты Райымқұлова «Астана Опера» театрының ұжымын құттықтады

320 рет
көрсетілді

«Астана Опера» театры ТМД елдерінің үздік опера театрлары арасында үздік бестікке енуіне байланысты Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова театр ұжымын құттықтады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

- Құрметті «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы! Сіздерді ТМД елдерінің үздік опера театрлары арасында үздік бестікке енулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!Сіздер əлемдік арда өнердің бар нақышын терең меңгерген еліміздегі маңдайалды ұжымсыздар. Коронавирус пандемиясына байланысты карантинге қарамастан талғампаз көрерменнің сұранысын қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай жасап, шынайы шеберліктеріңізді танытып келесіздер, - делінген құттықтау хатында.