Қызылордада қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан қатаң шараларға қарамастан төтенше жағдай режімін бұзу деректері байқалып қалып жатыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
14 сәуір күні сағат 11:30 шамасында Сырдария ауданы Ақжарма ауылында балабақша меңгерушісі ұжымын сенбілікке шақырған. Сенбіліктен кейін ұжым қызметкерлердің бірінің туған күнін атап өтуді ұйғарып, дастархан жайып, кеш ұйымдастырады.
Төтенше жағдай кезінде ескертулерге құлақ аспаған балабақшаның 15 қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.