Кеңінен қанат жайған қайырымдылық эстафетасын Целиноград ауданы Қосшы ауылының тұрғыны Сауле Айтпаева қабылдады.
Жомарт, жүрек жанды жандардың жинап берген қаржысына еріктілер әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізіп берді. Аудандағы жақсылық шарапаты мол іс жалғыз бұл емес. Мәселен, Қоянды ауылындағы еріктілер қозғалысы алпыстан астам жастардың басын біріктіреді. Олар әр күн сайын жалғызілікті және мүмкіндігі шектеулі адамдардың шаруашылығына қолғабыс көрсетеді.
Қайырымдылық акциясы үш апта бойы жалғасуда. Осы уақыт ішінде 550 мың теңге шамасында қаражат жиналып, 75 отбасына азық-түлік ретінде қамқорлық көрсетілді. Көңілге медет беретін кәделі шаруа алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Ақмола облысы.