• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2020

Алматы: Блок-бекеттен шіреніп өткендер шідерленді

1277 рет
көрсетілді

Есте болса, бірер күн бұрын ғаламтор желісінде әлдекімдердің Алматыдағы блок-бекеттен бірнеше көлікпен заңсыз өтіп бара жатқанын көрсеткен бейнеролик тараған еді. Кортеж ұйымдастырған азаматтар бұл бейнежазбаны өздері түсірген.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі тексере келе карантин режимін және жол ережесін бұзу әрекеті бойынша екі құқық бұзушылықты тіркеді. Кортеж қатысушыларының барлығы ұсталды. 25 жастағы «Бентли» көлігінің жүргізушісі Жанұзақовты Е.Т Алматы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘқбК 476-бабымен айыпты деп танып, 15 тәулікке қамау жөнінде шешім қабылдады.

 

Ал «Бентли» көлігінің жолаушысы Асылбеков Ш.А ҚР ӘқбК 476-бабымен айыпты деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 27 жастағы «Кадиллак» көлігін тізгіндеген  Жұмағұлов С.Д ҚР ӘқбК 476-бабы, ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімі бойынша ҚР ӘқбК 590-бабының 3-бөлімі негізінде айыпты деп танылып, 14 тәулікке қамалды. «Кадиллак» жолаушысы 30 жастағы Канаев Е.Н ҚРӘқбК 476-бабымен әкімшілік жазаға тартылып, 15 тәулікке қамалды. «Мерседес» жүргізушісі 40 жастағы Артықбаев М.М ҚР ӘқбК 476-бабы, ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімі, ҚР ӘқбК 590-бабының 4-бөлімі бойынша айыпты деп танылып10 тәулікке қамауға алынған.

 

«Тағы екі тұлғаның кім екендігі анықталды. Ол іздестіріліп жатыр. Көліктердің барлығы айыптұрағына қойылды. Сонымен қатар, ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл кортеждің блокпост арқылы емін-еркін өтуіне байланысты тексеру жүргізбек. Ал отырысқа қатысқан қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қызметтік тексеру аяқталғанша қызметінен шеттетілді. Бұл құқықбұзушылыққа қатысты құқықтық баға берілетін болады», - деді қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.