• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2020

Осы күнге дейін Алматыда 505 адамға Covid-19 диагнозы қойылды

344 рет
көрсетілді

Осы күнге дейін Алматыда COVID-2019 диагнозы расталған 505 жағдай анықталды.

1985 жылы туған пациент вирусы бұрын анықталған науқастармен байланыста болған. 4 сәуірден бастап карантинде болған. Келіп түскен күні және 10 сәуірде COVID-19 вирусына жасалынған екі рет талдау теріс нәтиже көрсеткен болатын. 17 сәуірде соңғы рет алынған талдау оң нәтиже берді. ​   «Бүгін Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан тағы 4 пациент емдеуден шығарылды», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. ​   Екі әйел мен екі ер адам, олардың барлығы вирусы бұрын анықталған науқастармен байланыста болғандар. ​   Қазір олардың барлығы 14 күндік үй карантиніне шығарылған. ​   Жалпы алғанда, Алматыда Covid-19-дан сауығып шыққандар саны 84 адамды құрайды. ​ Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында Cоvid-19-дан Алматы облысынан пациентті есепке ала отырып, 419 пациент ем алып жатыр.