Көкшетау қаласындағы «Орталық базар» акционерлік қоғамы облыстық денсаулық сақтау басқармасына аймақтағы медициналық мекемелерге қажетті 400 қорғаныс комбинезонын табыс етті.
Бүгінгі күні медицина қызметкерлерінің қаншалықты қауіп-қатерге басын тігіп жұмыс істеп жатқаны баршаға мәлім. Осы орайда, қорғаныс комбинезондары дер уақытында көрсетіліп отырған көмек десек, артық айтқандық емес.
–Қоғамның көмегі коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина мекемелеріне қажеттілігіне орай бөлінеді,–дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Болат Әбішев.
Ел бірлігі – құдіреті күшті тас қамал. Әлмисақтан бері талай індетті жеңген бірлігіміз бұл жолы да қатерлі сыннан сүрінбей өтері сөзсіз.
–Біз дәрігерлердің қызметінің қаншалықты қиын екендігін түсініп отырмыз,–дейді «Орталық базар» акционерлік қоғамының президенті Дмитрий Игнатьев,– сондықтан жәрдемдескіміз келді.
Ауыртпалыққа арқасын тосатын азаматтар көп болса, еліміздің тұтастығы мен халықтың амандығына ешқандай қауіп төнбейді.
Ақмола облысы