• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2020

Қызылорда: Карантиндік режім 1 мамырға дейін ұзартылды

257 рет
көрсетілді

Бұл ақпарат облыс әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып отыр. 

Хабарламада облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 10 қаулысы күшіне енгендігі жазылған. Соған сай, карантиндік режім мерзімі 1 мамырға дейін ұзартылып, қала, аудан, елді мекендер арасы квартал немесе секторларға бөлініп, тосқауыл бекеттері орнатылады. Сәйкесінше, карантиндік аймақта жүріп-тұруға тыйым салынады. Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша 10.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режіммен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады және жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдарын қоспағанда жеке көліктің қозғалысына тыйым салынады. Тұрғындарға медициналық бетперде киіп жүру міндеттеледі.