• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2020

Өсім тоқтамауы керек

160 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанындағы экономикалық көрсеткіштерді қорытындылаған облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов экономиканың қалыпты деңгейде дамып келе жатқандығын айтты, сонымен бірге ол алдағы уақытқа жоспарланған шараларды орындай беру керектігін атап өтті. 

Облыс экономикасының даму барысы туралы баяндаған экономика басқармасының бастығы Арсен Қазыбеков жыл басынан бергі экономиканың өсімі 2,4 пайыз, яғни 26,7 млрд теңге болғанын атап өтті. Сонымен бірге ол әрбір ауданның даму динамикасына тоқталып, өсімнің Қызылжар ауданында төмен екенін айтты. Бұған себеп болған жұмыртқа өндірудің 30 пайызға құлдырап кеткендігі жеткізілді. Ет өнімдерін шығару облыста осы кезеңде 6,6 пайызға, сүт 6 пайызға артқан. Соның ішінде ет өндіру Тайынша, Аққайың, Есіл аудандарында, ал сүт өнімдерін шығару Мамлют, Аққайың, Ғ.Мүсірепов аудандарында артқан. Өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі де 65,5 млрд теңгеге артып отыр.

2020 жылдың бірінші тоқсанындағы бюджет түсім бөлігі де жоспардағыдан артқан, ал шығыс бөлігінің орындалуы 99,2 пайыз. Бұл туралы жиында облыстық қаржы басқармасының бастығы Наталья Дышкант айтты.

Отырысты қорытындылаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов «қалыптасып отырған дағдарыс экономиканың дамуына кері әсер етпеуі керек. Біз керісінше, өз өнімдерімізді шығаруға күш салып, «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасын іске асыруымыз керек. Бұл іске елімізде бір триллион теңге қарастырылған», - деді ол.

Сонымен қатар ол аудан әкімдері мен облыс құрылымдарының басшыларына  ІЖӨ-нің өсімін жыл қорытындысы бойынша 4 пайыздан төмендетпеу керектігі туралы міндет қоятынын айтты.

 

Солтүстік Қазақстан облысы