• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2020

Атырау: 1 188 тұрғын үйдің кіреберісі мен аулалары дезинфекцияланды

120 рет
көрсетілді

Атырау қаласы   әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышовтың  мәлім етуінше, 1188 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі мен аулалары бірнеше рет дезинфекцияланды.

Қазір «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығының арнайы қызметкерлері көшелер мен жолдарға, автобус аялдамаларына, қоқыс контейнерлері орнатылған алаңдарға дезинфеуциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

–Дезинфециялау жұмысына әскери жиынға шақырылғандар да  тартылды. Олар сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қадағалауға, блок-посттардағы кезекшілікті атқаруға қатысуда. Сонымен бірге  карантин талабының сақталуына ерікті түрде көмек беріп жүрген волонтерлар да бар. Олардың бәрі арнайы қорғаныш киімімен, жеке гигиеналық заттармен қамтылды, деді Ринат Жаңғылышов.

Қаладағы дезинфекциялау жұмысына 86 гидропульт, 6 ауа генераторы мен 6 тұмандату генераторы пайдаланылуда. Бұған дезинфекция жүргізетін 3 мекемеден 107 қызметкер де тартылған.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ