• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2020

Ақмоладағы тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет қамқорлығында

498 рет
көрсетілді

Аймақта 1793 мәдени-тарихи ескерткіш тіркелген. Олардың төртеуі республикалық маңызы бар нысан тізіміне енгізілген.

Өңірде сонымен қатар «Көкше жерінің ұлы тұлғалары», «Қазыналы қазба – ұлт құндылығы»  жобалары қолға алынған. Облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы мен облыстық «Көкше» телеарнасының бірлескен «Бабалар тарихы – ұрпақтың ұлағатында» атты жобасы аясында 8 бейне фильм әзірленген. Қазір олар әлеуметтік желілерде онлайн-режимде көрсетілуде. Жыл сайын аймақта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Былтыр ғалымдар 5 ауданда зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізген. Табылған жәдігерлер облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырылған. Қазір мұнда 1500-ден астам жәдігер сақтаулы.

–Орталық тарапынан қазіргі таңда облыстық туризм басқармасымен бірлесе отырып, 7 бағыт бойынша туристік фирмалармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұдан бөлек елімізде жарияланған төтенше жағдайларға байланысты орталық онлайн түрде шараларды қолға алуда. Облыс бойынша 12 миллион 970 мың 342 теңгеге ескерткіштерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған,–дейді облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директорының міндетін атқарушы Серік Ысқақов.

Бүгінгі таңда тарихи-мәдени ескеркіштер 5 санатқа бөлінеді. Бұдан бөлек киелі жерлер мен монументальді өнер құрылыстары да осы тізімге қосылды. Өңірдегі 1032 мәдени-тарихи мұраның 977-і археологиялық ескерткіш санатына жатады. 34-і монументтік өнер туындысы және 21-і  қала құрылысы және сәулет нысаны. Ал 46-сы  киелі жерлер.

Қасиетті Көкшенің қойнауындағы құндылықтар аз емес-ау.

 

Көкшетау қаласы.