• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 20 Сәуір, 2020

Алматының ауасы тазарды

667 рет
көрсетілді

Күшейтілген карантин режімі қаланың экологиялық ахуалына оң әсерін тигізіп жатыр.

Мегаполис экологиясына жағымсыз әсер ететін негізгі фактор – көлік санының көптігі. Статистика бойынша, күніне жұмыс барысымен шаһарға 200 мыңға жуық көлік кіріп-шығады. Төтенше  жағдайға байланысты басқа аймақтар мен Алматы облысы аумағынан келетін көліктерге шектеу қойылғалы бері ауа ластануы анағұрлым жақсарған.

Казгидрометтің соңғы мәліметтері бойынша, жалпы қала аумағындағы ауа сапасын қадағалайтын мониторинг  зиянды бөлшектердің 4-5 есеге дейін азайғанын көрсеткен. Дегенмен шаһардың ортасында лас ауа әлі де болса сақталуда.

Бұған дейін табиғат жанашырлары қаланың ауа кеңістігін қалыпта ұстау үшін  тым болмаса айына бір күн шаһарда автокөліксіз жүру акциясын өткізу туралы ұсыныс білдірген еді. Алайда бұл ұсыныс қолдау таба қойған жоқ.