• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Сәуір, 2020

Қызылорда: Карантиндік шектеудің нәтижесі байқалады

623 рет
көрсетілді

Қызылордада коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар саны 149 адамға жетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов жаңадан анықталған 2 жағдай туралы айтып өтті.

- Бұл 2 науқас та бұрын анықталған науқастармен тікелей қарым-қатынаста болып, карантинге алынғандардың арасынан анықталып отыр. Қауіпті індет жұқтырғандар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, тиісті емдерін қабылдауды бастады, – деді ол.

Облыста індет жұқтырғандармен байланыста болғандардың жалпы саны 2181 болып отыр. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны 1146, жанама байланыста болғандар 1035 адам. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынған. 

Аймақтың бас дәрігері өңірдегі карантиндік шектеу талаптарының арқасында тікелей инфекция жұқтыру деңгейі төмендегенін де атап өтті.