• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2020

Елімізде теміржол көлігімен тасымалданатын жүк көлемі 2,1% артты

131 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында теміржол көлігімен тасымалданатын жүк көлемі едәуір артқан. Айталық қаңтар-наурыз айларында жалпы ел көлемінде теміржол көлігімен 96,9 млн. тонна жүк тасымалданыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% көп.

Жалпы алғанда, 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 4,8 млн тоннаны құраған. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 млн тоннаға немесе 26% жоғары.

Сондай-ақ, 2020 жылғы алғашқы тоқсанда контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі 149,30 мың жиырма пайыздық баламасын құраса, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 7%-ға жоғары.

Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлер тасымалдау көлемі де өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11 пайызға көбейген.

Ал жолаушылар тасымалы көрсеткіші бұл кезеңде 8% төмендеп, 4,8 млн адамға жеткен.