• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2020

Түркістан: Билік өкілдеріне күш қолданған күдікті қамауға алынды

343 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдай кезіндегі құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізген.

Осындай рейд барысында тәртіп сақшылары қала көшелерінің қиылысында «Мерседес-бенц» автокөлігін тоқтатады. Құжаттарды талап ету кезінде жүргізуші тәртіпке бағынбай, алдында тұрған екі полицейді соғып, көліктің есігінің жанында тұрған үшінші полицейді автокөлігімен сүйрей өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Үш полиция қызметкері жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесіндеполиция қызметкерлері ізін суытпай, Жетісай қаласының тұрғынын құрықтады. Медициналық куәландыруға сәйкес тәртіп бұзушының «орташа дәрежеде» мас болғаны және есірткі қолданғаны анықталды. Аталған жайт Қазақстан Республикасының ҚК-нің 379-бабы «Билік өкіліне бағынбау» және 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынып, автокөлігі айыптұрағына қойылды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.