Қазалы ауданында жұқпалы індеттің таралмауы үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Осыған орай ауданда қоғамдық көліктермен қатар жеке көліктердің де жүруіне тыйым салынып отыр. Аудан мен ауылдарға кіреберіс жерлерге тосқауыл бекеттері қойылды.
Бірақ тұрғындардың азық-түліктен, басқа да қажетті заттардан тарықпауы қадағалануда. Осы мақсатта аудан әкімдігі көшпелі сауда орындарын ұйымдастырып, тұрғындарға азық-түлік сатыла бастады.
Бүгін көшпелі сауда аудан орталығынан шалғайда жатқан Кәукей ауылына бағыт алды. Аудан кәсіпкерлері ауыл тұрғындарына бірінші кезекте картоп, жуа, сәбіз, макарон, ұн, өсімдік майы, қант, күрішпен қатар, жеміс-жидектер де ала барды.
Алда дәл осындай көшпелі сауданы басқа ауылдарда да ұйымдастыру көзделіп отыр.