Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ата-аналарының қолдауымен көмекке мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Қайырымдылық шарасын «Номад», «Сыр елі» және «Әйтеке би» топтарының еріктілері бастады. Жас зияткерлер ұн, сүт өнімдері, жарма, көкіністер салынған көмек пакеттерін облыс орталығындағы жалғызбасты қарияларға жеткізді.
– Қазіргі жағдай жалғызілікті адамдар мен аз қамтылған отбасыларға қиын тиіп отыр. Сондай жандарға жәрдем жасау жөніндегі бастамамызды оқушылар мен ата-аналар бірден қолдап әкетті, – дейді мектептің педагог-ұйымдастырушысы Бағдат Абилов.
Қариялар өздеріне қамқорлық танытқан оқушыларға шынайы алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.