Көп балалы отбасымыз. Бұған дейін «Еңбек» бағдарламасына қатысып, 500 мың теңге көлемінде грант ұтып алдым. Алдағы уақытта өзімнің жеке ісімді ашуды жоспарлап отырмын.
Карантин режіміне байланысты жұмыссыз қалғандарға мемлекеттен берілетін 42 500 теңге маған да тағайындалды. Өзін өзі жұмыспен қамтып отырған көп балалы ана ретінде тиісті соманы алып отырмыз. Жолдасым қазір жұмыс істемейді. Отбасымызда 4 бала бар.
Алдымен ұялы телефоныма жәрдемақының тағайындалғаны туралы SMS хабарлама келді. Артынша, 1 сағат өткен соң қаражат түсті. Дәл қазіргі қиын кезеңде мемлекет әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды өз қамқорлығына алып, қолдау білдіруде. Бұл – әжептәуір көмек.
Елена ДЮСЕМБАЕВА,
көп балалы ана
Павлодар облысы