• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тағы 2 тұрғыннан вирус табылды

169 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте Қызылордада вирусқа шалдыққандар қатарына тағы 2 адам қосылып, науқастар саны 151-ге жетті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлап, жаңадан анықталғандар жайлы кеңінен мәлімет берді.

-Бұл екі науқас Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданындағы Аманкелді ауылынан тіркеліп отыр. Қалалық тұрғыннан дәрі-дәрмекке аллергия беріп, «Жедел жәрдеммен» ауруханаға жеткізілген соң анықталған, ал ауылдағы науқас сондағы дәрігерлік амбулаторияның техникалық қызметкері болып шықты. Қазір екеуі де ауруханаға жатқызылып, олармен байланыста болғандар оқшауланды, деді облыстың бас дәрігері.  

Басқарма басшысының айтуынша өткен тәуліктің өзінде 939 тұрғыннан тест сынамасы алынып, оның 361-і теріс нәтиже көрсеткен. Екі адамнан вирус табылса, қалған 576 тест зерттелуде. 

Жақсылық Әбілқасымұлы қазір ауруды ерте анықтау үшін пневмония мен жедел респираторлы вирустық инфекциямен түскен науқастар жіті тексеріліп жатқанын да айтып өтті.