• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Қазалыда 24 азамат әскери жиынға шақырылды

137 рет
көрсетілді

Қазалы ауданында әскери міндеттілерден 24 азамат іріктеліп, арнайы әскери жиынға шақырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл азаматтардың негізгі міндеті төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалап, тұрғындарды тәртіпке шақыру. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев көмекке келген азаматтарға алғысын айтып, істеріне сәттілік тіледі.

Арнаулы әскери жиынға шақырылғандар учаскелік полиция инспекторларымен бірге Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінде қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысады. Олар киім-кешекпен, ыстық тамақпен және басқа да материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен жалақысы сақталады, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төленеді.